Биыл облыста тұрғын үй құрылысына 280 млрд теңге бөлінеді

422
көрілім

Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов өзінің есеп беру кездесуінде мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аймақ басшысының айтуынша, халықтың өмір сүру сапасының маңызды факторы тұрғын үй құрылысы.

- Өңірде бұл мәселеге үлкен көңіл бөлінуде. Мәселен, осы жылы облыс бойынша барлығы 280 млрд.теңгеге 1,4 млн. ш. м. жерге тұрғын үй салынуда. Оның ішінде 125% өсіммен 647 мың шаршы метр пайдалануға беріледі, - деді ол.

Сонымен қатар қазіргі уақытта жеке инвестицияларды тарту есебінен коммерциялық тұрғын үй салу тетігі әзірленген. Мәселен, құрылысшылар 450,6 мың шаршы метр. инвестиция көлемі 104 млрд. теңге болатын 86 коммерциялық үйдің құрылысын жүргізуде. Ол үшін оларға инженерлік инфрақұрылымы бар жобалар мен жер учаскелері берілді.

 "Бір қабатты Шығыс" өңірлік бағдарламасын іске асыруға ерекше назар аударылып, соның шеңберінде мемлекеттік қаражат есебінен жеке тұрғын үй құрылысы аудандарына инженерлік коммуникациялар жүргізіледі.

- Осы жылы жеке инвесторлардың жеке тұрғын үй салу қарқыны едәуір артты. Қазір 15,4 млрд теңгеге 744 бір қабатты үй салынуда, - деді Даниал Ахметов.