Биыл Риддерде жарықтандыру мәселесі шешімін табады

352
көрілім

Облыс әкімінің тұрғындар алдында есеп беру кездесуінде Риддер қаласының тұрғыны көшелерді жарықтандырудың жай-күйі туралы сұрақ қойды. Аймақ басшысының айтуынша, ағымдағы жылы бұл мәселе өз шешімін табады, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

- Риддер қаласында шешімін күткен 2 мәселе жолға қойылған, - дейді ШҚО әкімі Даниал Ахметов. - Біріншіден, бұл жерде жаңа мектеп құрылысы басталуы керек. Аталған құрылыс негізінен өткен жылға жоспарланған. Алайда жобалық-сметалық құжаттама дайын еместігі себебінен кейінге қалдырылды. Осы жылы құрылыс жұмыстары басталады. Екінші мәселе  медицина саласына қатысты. Ауруханалар мен емхана ғимараттарының тозығы жеткен. Оларды жаңарту үшін қазір жобалық-сметалық құжаттамалар дайындалып жатыр. Сондай-ақ жарықтандыру мәселесі де биылғы жылы өз шешімін табады.

Сондай-ақ облыс әкімінің айтуынша, ағымдағы жылы ШҚО-ның барлық қалалары мен аудан орталықтарында жарықтандыру шамдарын жаңарту жоспарланған.