БҚО-да жигули көлігі түйеге соғылып, үш адам қаза болды

328
көрілім

Батыс Қазақстан облысында оқыс жағдай орын алды. Тасжолдың үстінде көлік түйеге соғылған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Аzh.kz-ке сілтеме жасап.


14 шілдеге қараған түні Атырау-Құлсары тасжолының Ескене елді мекені тұсында "ВАЗ 2104" маркалы көлігі жолда тұрған түйеге соғылған. Жүргізушінің ұқыпсыздығынан үлкен қайғы орын алып, үш адам сол жерде қаза болды. Екеуі облыстық ауруханаға жеткізілген.
Жол көлік оқиғасына байланысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-тармағы бойынша тергеу жұмыстары басталды.