Боксшылар Кубада қызу әзірлік жүргізуде

399
көрілім

Бұл туралы еліміздің бокс парақшасында жазылған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Қыс ортасында «Бостандық аралында» 16 боксшы алаңсыз дайындалуда. Естеріңізге салайық, ерлер Ұлттық құрамасы екіге бөлініп шеберліктерін шыңдауда. Бірқатары АҚШ-тың Майами қаласында, қалғаны, көпшілігіне мәлім, Кубаға атбасын тіреген. Бокс парақшасы жаттығу барысынан фотосюжеттер ұсынып, әзірлік барысымен таныстырды. Суретте оң жақта семейлік Ермахан Жақпеков (75 келі) дене қыздыру жаттығуы сәтінде.

Айта кетейік, былғары қолғап шеберлері Кубада қаңтар айының соңына дейін болады.