Бокстан әлем чемпионатының жарыс кестесі жарияланды

126
көрілім

Ресейдің Екатеринбург қаласында өтетін бокстан әлем чемпионатының жарыс кестесі жарияланды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлағандай, 8 қыркүйек техникалық жиын, ресми жеребе тарту рәсімі, салтанатты ашылу рәсімі өтеді.

Ал негізгі шаршы алаңдағы жекпе-жектер 9 қыркүйек күні басталады.

Жарыс кестесі төмендегідей:

9-17 қыркүйек, іріктеу сыны (Нұр-Сұлтан қаласы уақыты көрсетілген) Күндізгі сессия – 14.00 Кешкі сессия – 19.00 18 қыркүйек, ширек финал Күндізгі сессия – 17.00 Кешкі сессия – 20.00 19 қыркүйек – демалыс күні 20 қыркүйек, жартылай финал Күндізгі сессия – 17.00 Кешкі сессия – 20.00 21 қыркүйек Финал – 17.00-20.30 Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайтыны туралы жазған болатынбыз