Бокстан еліміздің бас бапкерінің жоспары қандай?

1122
көрілім
Фотосурет inbusiness.kz сайтынан

Ұлттық олимпиадалық комитетке берген шағын сұхбатында бокстан ерлер ұлттық құрамасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев Токиода өтетін төртжылдықтың басты бәсекесіне әзірлік жайлы ой білдірді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бас бапкердің сөзінше, қазір спортшылар мерекелік демалыс қарсаңында үйлеріне тарқасқан. Әйтсе де санаулы күндер ішінде оқу-жаттығу жиындары басталмақ.

– Жоспарға сәйкес бір емес, бірнеше жиын өтеді. Сол себепті алдағы уақытта боксшыларды тиісті әзірліктерге қарай бөлетін боламыз. Халықаралық жарыс күнтізбесіне қатысты нақты ақпарат жоқ. Әлемдік жарыстар өткенімен өзгерістер болуы мүмкін. Сондықтан әліптің артын баққан жоқ. Кәсіби бокс кештерін өткізу де жоспарымызда бар. Бұл команда капитаны Қамшыбек Қоңқабаевтың дайындығына қажет. Жалпы, басты мақсатымыз - Токио Олимпиадасының тыңғылықты дайындық жүргізу. Алты-жеті айдан соң ауқымды аламан да алауын жағады, - дейді бас бапкер.

Ел құрамасы сапында Бекнұр Ожанов (60 келі), Ермахан Жақпеков (75 келі) сынды жерлестеріміздің әзірлік жүргізіп жатқандығын айта кетейік. Қазіргі уақытта 60 келі салмақта бәсекелестік арта түскен.