Бородулиха ауданында ашуланған әйел күйеуін пышақтаған

371
көрілім
Шартты фотосурет

Қазан айының 29-ы күні Бородулиха аудандық полиция бөліміне Жезкент ауылдық ауруханасына пышақ жарақатымен кенттің 35 жастағы тұрғыны жеткізілгені туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Анықталғандай, қазан айының 29-ы күні кешкі уақытта болған жанжал салдарынан жұбайы күйеуіне пышақ жарақатын салған. Кейін ол ауруханаға жатқызылды. Тәртіп сақшылары ізін суытпай күдікті ретінде 27 жастағы әйелді ұстады.
- Күдікті жауап алу барысында кінәсін мойындады. Қазір ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігіне сәйкес (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Аталған баптың санкциясы 3 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді не сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.