Бородулиха ауданында кісі өліміне қатысты күдікті ұсталды

397
көрілім

Қазан айының басында Бородулиха ауданы полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне белгісіз әйел мәйіт табылғандығы туралы хабар берген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Нақты айтсақ, тұрғын Жаңа Шүлбі ауылындағы көшелердің бірінде орналасқан үйден азаптап өлтірілген белгілер байқалған ер адамның мәйітін көрген.

Нәтижесінде тәртіп сақшылары ізін суытпай 59 жастағы бөтелкелес құрбысын өлтірген жас жігітті ұстады.

- Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдікті ұсталды. Ол Бородулиха ауданының 19 жастағы тұрғыны болып шықты. Жауап алу барасында ер адам өз кінәсін мойындады, - деді ШҚО ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Талғат Шаяхметов.

Тәртіп сақшылары қаскүнемнің алкоголь өнімін ішу барысында жәбірленушімен жанжалдасып, күрекпен және қайшымен оны бірнеше рет соққыға жыққанын анықтады.

Адам өлтіру фактісі бойынша (ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Осы баптың санкциясы 8 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.