Бородулиха ауылына футбол алаңы орнатылуда

335
көрілім

Бородулиха ауданының әкімдігі 2019 жылы құрылысы басталған футбол алаңын орнатуға қанша қаржы бөлінгендігін айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Былтыр аталмыш ауданның бірнеше ауылында абаттандыру жұмыстары жүргізілген. Мәселен Бородулиха ауылында 83 млн теңгеге Ф.Середин көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің аулалық және іргелес аумақтарын абаттандыру жобасы іске қосылған. Переменовка, Новошульба ауылдарында және Жезкент кентінде воркаут алаңдары салынып, шағын архитектуралық нысандар бой көтерсе, Бородулиха ауылында өткен жылдың қазан айынан бастап 13 млн теңгеге шағын футбол алаңын орнату жұмыстары басталды.

Нұрбек АСҚАРОВ