Бүгін Катонқарағай ауданында қар қылаулады

934
көрілім

14 мамыр күні Катонқарағай ауданы, Қайыңды ауылында қар жауған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бүгін Катонқарағай ауданы, Қайыңды ауылында қар қылаулады.

Естеріңізге сала кетсек, "Қазгидромет" синоптиктері биылғы жаздың әдеттегі нормадан әлдеқайда салқын болатынын болжаған еді. Мамыр айы сол болжамның алғышартын сездіріп отыр. Синоптиктердің хабарлауынша, Мамырдың 14, 15, 16 және 17 күндері аспанды бұлт торлап, арты нөсер жауынға ұласады.