Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады

675
көрілім

Қазақстанның батыс бөлігінде ғана өткінші жаңбыр жауып, найзағай күркірейді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысында жел күшейіп, түнде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғып, таңертең және түнде тұман түседі. Ақмола, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел күшейеді. Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде дел күшейіп, секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Қызылорда, Атырау, Қарағанды облыстарында күндіз күн ыстық болады.

Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында күннің ысып кетуі салдарынан өрт шығу қаупі туындайды.