Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейіп, жаңбыр жауады

533
көрілім
24.kz

18 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды. Тек республиканың оңтүстік бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түседі, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы күшейіп 15-20м/с, күндіз кей жерлерінде 23-28 м/с жетеді, сондай-ақ Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Павлодар облысында күндіз жел жылдамдығы 15-20, кей жерлерінде екпіні 25 м/с дейін жетеді. Шығыс Қазақстан, Қостанай, түнде Қарағанды, Алматы, күндіз Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.