Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейіп, жаңбыр жауады

414
көрілім

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталды ағындардың өтуіне байланысты жауын жауып, найзағай ойнап, жел күшейіп, шаңды дауыл тұрады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Вaq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ақмола, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қарағанды облыстарының бірқатар аймағында желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде түнде және күндіз тұман түседі.

Оңтүстік Қазақстан облысының бірқатар аймағында шаңды дауыл көтеріліп, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйытқиды.

Қызылорда облысында шаңды дауыл көтеріліп, күндіз кейбір ауданда желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Атырау облысында күн қатты ысиды.