Бүгін Өскеменде ауа сапасы нашарлайды

316
көрілім

Синоптиктер 13 ақпан күні Қазақстан қалаларындағы метеорологиялық ахуал қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Кәсіпорын таратқан мәліметке сенсек, 2020 жылдың 13 ақпан күні Өскемен қаласында ауа сапасы нашарлайды, яғни ауа ластанады. Қазақстанның өзге қалаларында ауа сапасы бірқалыпты болады. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.