Бұқар жырау туралы фильм түсіріледі

427
көрілім
Фотосурет - Qasym.kz сайтынан

Халқымыздың айтулы тұлғасы – Бұқар жыраудың 350 жылдығына орай көркем-деректі фильм түсірілмек, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Былтырғы жылы қасиетті нысандар тізіміне Абылай заманында халқын бір тудың астына біріктіруге ерекше үлес қосқан Бұқар Жырау бабамыздың кесенесі енгені жөніндегі хабар жұртшылыққа үлкен қуаныш сыйлаған еді. Игі шаралар жалғасын тауып, биыл Бұқар бабаның 350 жылдығы ел көлемінде аталып өтуде.

Мерейтой аясында «Бұқар жырау» энциклопедиясын қайта басып шығару, республикалық айтыс ұйымдастыру, ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізу, телебағдарламалар циклін жасау сияқты іс-шаралар бар. Сонымен қатар, Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен «Көмекей әулие» атты көркем бағыттағы деректі фильм түсіру жоспарланып отыр. Бұл туралы облыстық «SARYARQA» телеарнасының өкілдері жариялады. Тағы бір игі іс - мерейтой аясында әйгілі жыраудың кесенесін жанындағы мұражай үйімен қосып жөндеуден өткізу.