Бұқтырма су қоймасында ер адам суға батып кетті

275
көрілім

Қайғылы оқиға Алтай ауданындағы «Ертіс» демалыс базасында орын алған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.


ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқарушыларды суға кеткен ер адамның әйелі шақыртқан. Көмек шақырту дабылы сағат 14:30-да келіп түскен. Құтқарушылар отряды жедел жеткенмен, суға кеткен азаматтың мүрдесін тек сағат 18:00-де ғана алып шықты.
– Тексеріс жүргізіліп, куәгерлерден мәлімет алынған. Тыйым салынған жерде суға түсудің соңы қайғылы жағдайға әкеп соқты, – деп мәлімдеді бас құтқарушы Владимир Субботин.