Бұлан атып бұлтармақ болды

348
көрілім

Зырян ауданының тұрғыны бұлан атқан мылтығын өзенге лақтырып жіберген. Қазіргі уақытта заңсыз аңшылыққа барған ауыл тұрғынына қатысты сотқа дейінгі анықтау амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды газет тілшісі YK-News.kz сайтына сілтеме жасап.

16 қазан күні полиция қызметкерлері Зырян ауданының аумағында орналасқан «Топкий ключ» шатқалынан сойылған бұлан етін байқап қалған, деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметі. Заңсыз аңшылық фактілерін анықтауға кіріскен тәртіп сақшылары бес күн ішінде оған қатысы болуы мүмкін деген күдікпен Жаңа Бұқтырма кентінің 59 жастағы тұрғынын құрықтады.

- Ер адам істеген заңсыздық әрекеттерін толық мойындады. Ол бұлан атқан мылтығын өзенге лақтырып жібергенін айтты, - деп қосты ведомствоның баспасөз қызметі. - Жабайы жануардың сойылған еті тәркіленіп сараптамаға жіберілді.

Бүгінгі таңда аталмыш факті бойынша Қылмыстық Кодекстің арнайы бабына сәйкес іс қозғалған.

Ерлен ОСМАНОВ