Бұршақ, жауын, шаңды дауыл - сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

376
көрілім

«Қазгидромет» РМК 14 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты, кей жерлерде жауын-шашын күтіледі. Республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей аймақтарында жел күшейіп, найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл, оңтүстікте- шаңды дауыл, оңтүстік-батыста - тұман.

Шығыс Қазақстан, Павлодар, күндіз Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, желдің жылдамдығы 23-28 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысында шаңды дауыл күтіледі. Маңғыстау, Атырау облыстарында кей жерлерінде тұман түседі.