Бұрыш баллонын қолданған өскемендік қылмыстық жауапкершілікке тартылмақ

1873
көрілім
Шартты фотосурет

Өскемен қалалық Полиция басқармасына тұрғынның бейтаныс адамның бетіне бұрыш баллонын шашқаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті ұсынған мәліметке сәйкес азық-түлік дүкендерінің бірінің жанында туындаған жанжал кезінде әлдебіреу 40 жастағы өскемендік тұрғынынның бетіне бұрыш баллонын бүркіп жіберген.

Сол ауданда тексерісте жүрген патрульдік экипаж 45 жастағы қала тұрғынын ұстап, кейін күдікті кінәсін мойындады.

ҚР ҚК-нің 293-бабы 1-бөлігі (Бұзақылық) бойынша 45 жастағы ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.