Былғары қолғап шеберлері қызу әзірлікке кіріскен

406
көрілім
Фотосурет kfb.kz сайтынан

Қазіргі уақытта бокстан еліміздің жастар құрамасы оқу-жаттығу жиынына қатысуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бокс федерациясы ұсынған мәліметке сүйенсек, ұзақ үзілістен кейінгі алғашқы жаттығу жиыны Түркістан облысында өтуде. Аягөздік білікті бапкер Қайрат Сатжанов және өзге де жаттықтырушылардың қоластында әзірлік жүргізіп жатқан спортшылар сапында шығысқазақстандық өрендер де бар.

Қыркүйек айының 20-сы күні басталған жиын қазанның сегізіне дейін жалғасады.