Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ ректоры: Бөлінетін грант санын реттеу де министрлікпен бірлесе шешетін жауапты жұмыс

1769
көрілім
Шартты фотосурет

Облыс орталығында өтіп жатқан жиында университет ректоры Жасұлан Шаймарданов соңғы жылдары бөлініп жатқан грант санын көбейгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жасұлан Шаймарданов алдымен ел Тәуелсізідігінің отыз жылда біршама жетістікке жеткенін алға тартып, қазіргі уақытта да ел экономикасының еш тұраламағанын, өмір сүру сапасының жақсарғандығын жеткізді. Брифинг әлқиссасын бастаған соң әр студент үшін маңызды жаңалықтардың біріне тоқталды.
– Көптеген жастар шетелде білім алуға мүмкіндік алды. Ондай студенттер біздің оқу орнымызда да аз емес. Олардың қамтитын білім саласы әралуан. Техникалық университет болған соң әр саланың ел өркендеуіне үлес қосар жастар да жетерлік. Бір айта кетерлігі, білім ошағындағы гранттар саны да соңғы жылдары біршама өскен. Қазір бұл жағы сауатты әрі тұрақты реттеліп тұрады. Өздеріңізге белгілі, грант санын реттеу де Білім және ғылым министрілігімен бірлесе шешетін күрделі жұмыс, – деді ректор.