Даниал Ахметов: Алакөл Қазақстандағы ең әйгілі орындардың бірі болады

930
көрілім

Облыс әкімі Даниал Ахметов Үржар ауданына барған іс-сапарында Алакөлге ат басын бұрып, жергілікті кәсіпкерлермен кездесті. Аймақ басшысы бұл орынға туристерді тарту мақсатында не істеу керектігін түсіндіріп, тың идеяларымен бөлісті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетсек, Даниал Ахметов Алакөлдің Шығыстағы бөлігіндегі абаттандыру жұмыстарын ерекше қадағалауында ұстап отыр.

— Біз алғаш қадам жасап, 2 миллиард теңге бөліп, 550 миллион теңгені абаттандыруға жұмсадық. Негізгі жұмыстар істелді. Нәтиже бар, — деді аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Облыс әкімі кәсіпкерлермен кездесу кезіне жағалаудағы сауда нүктелерін қайта жаңғыртудың екі нұсқасы барын түсіндірді. Біріншісі, жұмыстар облыс бюджетінің есебінен жүргізіліп, кәсіпкерлер кейіннен ғимараттарды жалға алатын болады немесе кәсіпкер өз қаржысын жөндеу жұмыстары мен абаттаныруға салады.

Сонымен қатар, Даниал Ахметов келесі жылы жағалауды абаттандырып, жергілікті «арбатты» 500 метрге кеңейтуді көздеп отыр. Шығысқазақстандықтар үшін әуе жолына жеңілдіктер қарастыруды да қолға алмақ.