Даниал Ахметов: Ауылшаруашылығы саласын алға бастыру маңызды мәселелердің бірі

284
көрілім
Фотосурет - 7kun.kz сайтынан

Аймақ басшысы Даниал Ахметов облыс экономикасын ілгерілетудің тиімді жолын ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыс әкімінің сөзінше, Қазақстанның мұхиттарға шығатын төте жолының болмауы тауар эспорттауға еш кедергі емес. Ауылшаруашылығын мықтап қолға алса, Қытайға астық тасымалдауға болады.

- Бұл елдің алып екендігіне қарап, сауда жасауға жүрексіну әсте әбестік. Мәселеге мән берсек, Қытайдың өзі біз үшін мұхит. Олар жыл сайын 47 млрд долларға соя сатып алып отыр. Біз қайда қалдық? Ауылшаруашылық саласын алға бастыру қазіргі маңызды мәселелердің бірі. Өзіміздегі бар байлықтың тек бір бөлігін ғана игеріп келеміз. Сондықтан ауылшаруашылық саласына өзгеріс енгізіп, аудандардағы егістік мәселесіне баса мән беруіміз керек, - дейді Даниал Ахметов.

Әділхан ЕСІМХАНОВ