ҚР Тұңғыш Президенті күні Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов Семейдегі студенттерге дәріс оқыды. В День Первого Президента РК аким Восточно-Казахстанской области Даниал Ахметов прочитал лекцию для студентов Семея. Облыс басшысы жастармен әңгімелесу барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы көпшілік біле бермейтін фактілер айтып, заманауи және тәуелсіз Қазақстанның құрылуына қанша күш-жігер кеткендігін еске алды.
1991 жылы дүниежүзілік картада жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасы пайда болды. Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай «… жақсы үй салу қиын, біздің ортақ үйіміз, жас мемлекет – Қазақстанды құру одан да қиын болды. Мемлекет құру үшін біз қандай мемлекетте өмір сүру екендігімізді айқындайтын басты жоспар құруды талап етті.» Ширек ғасыр өткеннен кейін әрбір қазақстандық қазақстандық жол әлемдік сарапшылар ғана емес, әлемнің жетекші мемлекеттерінің басшылары тарапынан табысты деп мойындалғандығын мақтан тұтады. Мемлекет басшысының адал әріптестерінің бірі Даниал Ахметов еске салып өткендей, бұл Тұңғыш Президент — Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың дұрыс таңдалған саяси және экономикалық үлгісі арқасында мүмкін болды. Мемлекет басшысының көрегендігі мен даналығы Қазақстанды өзаратүсіністік пен ынтымақтастық, халықтар достығы салтанат құрған бейбітшілік пен келісім орталығына айналдырды.
— Кеңес Одағы ыдыраған кезде, Қазақстанның болашағы туралы өз пікірлерін білдірген көптеген саясаттанушылар болды. Ол кезде Ресей Федерациясы мен Украинаның жалпы ішкі өнімі 3,5 мың АҚШ долларын құраған. Ал бізде экономикалық көрсеткіш шамамен 700 АҚШ долларына жеткен. Сол кезде саясаттанушылар тәуелсіз егеменді мемлекеттің құрылуы мен дамуында Қазақстан айтарлықтай қиындыққа тап болатынын айтқан. Өйткені бұл жерде 12-ға жуық халық пен ұлт өкілдері тұратын. Жер аумағы үлкен болғанмен, табиғи және өндірістік ресурстың көп болғандығына қарамастан ынфрақұрылым дамымаған кез еді, – деп еске алады Даниал Ахметов Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарын еске алып. – Бірақ өмір мен тәжірибе бір адамның – Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында ғана Қазақстандағы барлық халықты біріктірген жаңа егеменді мемлекет құра алғандығымызды көрсетті. Ондаған жылдар өткеннен кейін Қазақстан мемлекеттің біртұтастығын, оның халқының бірлігін сақтай алды. Бүгінгі таңда біз «Бір ел – бір тағдыр» ұранымен өмір сүріп жатырмыз.
1992 жылы жас мемлекеттің алғашқы маңызды құжаттарының бірі болып табылатын Қазақстанды құру және дамытудың жаңа, тәуелсіз стратегиясы қабылданды. Жаңа республика мемлекеттіліктің айқын тұжырымдамасын белгілеу керек болды. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов шекараны белгілеу бойынша келіссөздер оңайға түспегендігін айтты. Елбасының беделі ғана жас мемлекеттің шекарасын белгілеп, оның тұтастығын сақтап қала алды.
– Мен Қытай басшысы Цзян-Цзэминь мырзаның біздің Президентімізге деген үлкен құрметіне куә болдым. Ол Елбасымызды мемлекеттік қайраткер ретінде де, тұлға ретінде де құрмет тұтты. Цзян-Цзэминь «Нұрсұлтан Әбішұлы, біз шекараны делимитациялау туралы мемлекеттік келісімге қол қоямыз. Бұл біздің сізге деген құрметіміз. Егер бұл келісімге біз қол қоймасақ, Қытайдың ешбір басшысы қол қоймайды» деп айтты.
– Я был свидетелем огромного уважения руководителя Китая господина Цзян-Цзэминя к нашему Президенту. Президенту, как к личности, как к государственному деятелю. Цзян-Цзэминь сказал следующее: «Нурсултан Абишевич, мы вам подпишем государственный договор о делимитации границ. Только, Нурсултан Абишевич, из-за личного уважения к вам! Ни один глава Китая, если мы сейчас не подпишем, не подпишет вам этот договор». Ол кезде мен сол үкіметаралық комиссияны басқарған едім. Құрметті студенттер, мен сіздердің Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен рөлін түсінгендеріңізді қалаймын, – деді өңір басшысы.
Даниал Ахметов ұлттық валюта туралы көпшілік біле бермейтін деректерді айтқанда залда жиналғандар таң қалды. 90-жылдары халықаралық сарапшылар Қазақстанда гиперинфляция болатынын болғап және сол болжамдарына сенген. Бірақ қазақстандық тәуелсіз валютаның күйреуі орын алған жоқ. Егеменді Қазақстан жолы бүкіл әлемге 130-дан аса этносы бар ұлттың тұрақты түрде дами алатынын дәлелдеді.
– Қаржылық сарапшылар Қазақстан рубль аймағында қалуы керектігін айтқан. Бәрінде үрей сезімі болғаны жасырын емес, – деп еске алады Даниал Ахметов жастардың назарын құрылған жас мемлекеттің алғашқы жылдарына аударып. – Бірақ бұған дейін бір жыл бұрын ҚР Президенті күрделі келіссөздер жүргізіп, Англяда ұлттық валюта басып шығарғандығы бізді әлі күнге дейін қайран қалдырады. Сол күні сапаршылардың Қазақстан рубль аймағында болатынын және өзінің валютасы болмайтыны айтылған көптеген мәлімдемелерінен кейін Елбасы Қазақстанға 18 ауа рейсімен біздің ұлттық валютамызды жеткізді. Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегендігі болмаса не болатынын көз алдыларыңызға елестете аласыздар ма? Осылайша түнгі екіден таңғы алтыға дейін облыстардағы әрбір аудан орталығына ұлттық валюта жеткізілді.
Бүгінде Қазақстан қарқынды дамып келе жатқан ел. Барлық тұрғыда тұрақтылығы сарапшылар тарапынан мойындалған ең жас мемлекет ТМД аумағындағы ең гүлденген елге айналды. Даниал Ахметов атап өткендей, ҚР Ұлт Көшбасшысы – Тұңғыш Президенттің еңбегінің ұшан-теңіз екендігі сөзсіз. Өз кезегінде өңір басшысы студенттерге Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Еліміз тек өзінің интеллектуалды әлеуеті есебінен ғана әлемдегі өзінің лайықты орнын ала алады. Сол себепті де, сіздерге, біздің жастарға үлкен жауапкершілік артылады» деген сөзін айтты.
Қазақстан Президентінің адал әріптестері, соның ішінде Даниал Ахметов те өзінің саяси жолын ҚР Президентінің дәрісіз оқып-зерттеуден бастағанын тілге тиек ете кету керек. Өйткені мемлекеттің тәуелсіздігі мен экономикасын қалыптастыру, нығайту барысынд білікті мамандардың жетіспеушілігі мәселесі туындаған еді. Облыс басшысының айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс тәртібінің тығыз болуына қарамастан, жұмыс күнінен кейін әкімдер мен министрлер жанындағы кадрларды жаңа нарықтық экономикалық жағдайға дайындады.
ШҚО Әкімінің баспасөз қызметі
Фотосурет: Шығыс Ақпарат