Даниал Ахметов: «Нұрсұлтан Назарбаев – ұлы стратег және интеграцияның сәулетшісі»

390
көрілім

Өскеменде ҚР Бірінші Президенті Күні мерекеленіп жатыр. Осы елеулі оқиғаға орай ШҚО драма театрында салтанатты концерт ұйымдастырылды.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, сонымен қатар ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері Талғат Кузембаев, Мапруза Утуленова, Вячеслав Ткач отандастарын құттықтады.

1991 жылдың 1 желтоқсанында алғашқы барша халықтық сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев 98,7 пайыз сайлаушылардың қолдауын алған еді. Алты жылдан кейін, 1994 жылдың 16 желтоқсанында, Жоғарғы Кеңес Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады. Сол кезден бері Нұрсұлтан Әбішұлы елбасы болып табылады.

Маңызды шешімді Мемлекет басшысы 1991 жылдың 29 тамызында қабылдады – Семей ядролық полигонын жабу туралы бұйрыққа қол қойды. Шығыс Қазақстан облысынығ әкімі Даниал Ахметов өзінің құттықтауында атап өткендей, Нұрсұлтан Әбішұлы ғаламдық антиядролық қозғалыстың көшбасшысы деп аталды.

— Мұндай құрметке қазіргі саясаткерлердің бірде бірі ие болған жоқ, — дейді Даниал Ахметов, — Бұл мереке – Елбасының тәуелсіз Қазақстанның қалпытасуына сіңірген еңбегінің дәлелі. Қиын жағдайда маңызды саяси және экономикалық шешімдер қабылданды, олар біздің елдің дамуын он жылға алдын ала белгілеп қойды.

Сыртқы және ішкі саясатты даналық және көрегенділікпен жүргізген Республика Президенті Қазақстанның әлемдік экономиканың ажырмас бөлігіне, татулық пен бейбітшіліктің эпицентріне айналуына қол жеткізді.

Даниал Ахметов Нұрсұлтан Назарбаевты ұлы стратег және интеграцияның сәулетшісі деп атады. Оны 2015 жылы Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуынан аңғаруға болады.

Бүгінгі таңда нақты біздің Президентіміз жауапкершілікті өзіне алып, аса күрделі ресей-түрік шиеленісін шешу бойынша медиатор болды, — деп атап өтті Даниал Кенжетайұлы.

Мемлекет азаматтардың үйлесімді әрі жан-жақты дамуы, олардың құқықтары мен еркіндігінің, ұлтаралық келісімнің сақаталуы мен азаматтық қоғамды қалыптастыру үшін құқықтық және әлеуметтік-экономикалық жағдай жасайды.

Астанада өткен ЭКСПО-2017 халықаралық ғылыми көрменің өтуі біздің елдің жоғары беделінің дәлелі бола алады. Халықаралық көрме бюросының (ХКБ) бас хатшысы Висенте Лоссерталестің пікірінше, ЭКСПО-2017 ХКБ тарихындағы ең жетістікті көрме болды.

Ағымдағы жылы Қазақстан елдің Үшінші жаңғыруын жүзеге асыруын бастад, ол ғамламдық бәсекеге қабілеттілікке жету мен әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіруге бағытталған.

ШҚО аймақтық коммуникация қызметі