Даниал Ахметов сайлауда дауыс берді

102
көрілім

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов сайлауда дауыс берді.

Даниал Ахметов №42 орта мектепте орналасқан №9 сайлау учаскесіне барып, сайлауда дауыс берді.

«Бүгін Қазақстан тарихындағы тағы бір айтулы күн. Сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауымды жасадым. Халықтың сайлауға белсенді қатысып, тұрақтылық пен бейбітшілік үшін азаматтық ұстанымдарын көрсетіп жатқандықтары қуантады. Шығыс Қазақстанда 549 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Оның ішінде 12 аумақтық, 537 учаскелік. Тәуелсіз байқаушылар да өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқаруда. Біз бірге дұрыс таңдау жасап, Қазақстан қарқынды дамып, экономика мен азаматтардың әл-ауқатының жақсара беретініне сенімдімін», - деді аймақ басшысы.

Оның айтуынша, ШҚО-да 300-ден астам сайлау учаскесі ерекше қажеттіліктері бар адамдардың дауыс беруі үшін барлық қажетті құралдармен жабдықталған. Тұрғындар үшін сайлау учаскелерінде бауырсақ пен ыстық шай берілуде. Сондай-ақ сайлауда бірінші рет дауыс бергендерге кәдесыйлар тарту етілуде.