Данияр Қайсанов ақпан айының үздік спортшысы атанды

450
көрілім

Көкпектілік еркін күрес шебері спорт мамандары жариялаған байқауда ең көп дауыс жинап, жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Дауыс беру наурыз айының тоғызына дейін жүргізілген еді. Ұлттық олимпиадалық комитет сайтына сүйенсек, шығысқазақстандық палуан тоғыз спортшының ішінде ең көп дауыс жинап, үздік шыққан. Көкпекті ауданының тумасы жуырда екі дүркін Азия чемпионы атанып, талай спорт мамандарының назарына ілікті. Әлемдік рейтингіде жайдан-жай үшінші орынға жайғаспағанын дәлелдеп, ел көлемінде нөмірі бірінші палуан екендігіне еш күмән келтіртпеді. Белгілі болғандай, екінші орынға грек-рим күресінен Азия чемпионы Тамерлан Шадукаев, үшінші орынға шорт-трекші Абзал Әжғалиев ие болған.

Әділхан ЕСІМХАНОВ