Данияр Қайсанов Әлем чемпионатына қатысуға әзір

7173
көрілім
Фотосурет 7news.kz сайтынан

Бұл туралы көкпектілік еркін күрес шебері ұлттық олимпиадалық комитетке берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабаралайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

UWW күрес түрлерінен биылғы әлем чемпионатының Сербияда өтетінін ресми түрде мәлімдесе де бас бапкер Әсет Серікбаев бұл тұрғыда әлі де болса қиындықтар туындап қалуы мүмкін екендігін жеткізген еді. Енді палуандар пікірін білудің де сәті түскен екен.

– Әлем біріншілігіне қатысуға рұқсат етсе, біз күресуге қашанда дайынбыз. Сегіз айдан бері ешқандай жарысқа қатыспадық. Бұл кәсіби спортшы үшін үлкен үзіліс әрі бабын ұстап тұруға кедергі жасайды. Қараша айында ел чемпионаты ұйымдастырылуы мүмкін. Бұл да қуанышты жайт. Осыған дейін көптеген елдер ішкі біріншілігін өткізіп тастады. Осы тұрғыда палуандардың барлығы жарыс өтетін күнді асыға күтіп жүр. Ал жаттығу жиындарына келсем, Шымкенттегі дайындық ойдағыдай өтті. Оңтүстік өңірдің күн райы да, базаның жағдайы да көңіл қуантарлық. Алған әсеріміз оң, - деді Қайсанов.