Дау-дамайға іліккен палуан ШҚО спортшысына қарсылас атануы мүмкін

419
көрілім
Фото aajkikhabar.com сайтынан

Елордада өтетін күрес түрлерінен Әлем чемпионатына санаулы күндер қалды. Соңғы мәліметтерге сенсек, жерлесіміз белдесетін салмақта екі дүркін Олимпиада ойындарының жүлдегері өнер көрсететін болды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Қандай дау-дамай десеңіздер, 2012 жылғы төртжылдықтың басты бәсекесін еске алайық. Жартылай финалда жолыққан отандасымыз Ақжүрек Таңатаров пен үндістандық Сушил Кумардың текетіресі біраз кикілжің тудырғаны рас. Күтпеген жерден құлақтан тістеп үлгерген Сушилге ешқандай жаза қолданылмады. Сөйтіп ұпай санымен алда тұрған үнді палуанының мерейі үстем болып ақтық сынға өткен-ді.

Күні кеше Үндістан құрамасының тізіміне көз жүгіртсек, 74 келіде ел намысын сол Сушил Кумардың қорғайтыны мәлім болды. Жеребе тарту рәсімінде әккі палуан жерлесіміз Данияр Қайсановқа қарсылас атанып қалуы әбден мүмкін.

Әділхан ЕСІМХАНОВ