Демалыс күндері белгіленді

301
көрілім

ҚР Білім және ғылым министрлігі 2018-2019 оқу жылындағы демалыс күндерін бекітті.

2018-2019 жылдары аралығындағы оқу кестесі мектепалды сыныптар үшін – 32 аптадан тұрады. Ал бірінші сыныптағыларға – 33 апта, 2-ші сыныптан 11-12 сыныптар аралығындағы оқушылар үшін – 34 апта.

Ал демалыс кестесі жайлы айтар болсақ, күздік каникул – 29 қазан мен 4 қараша, қыстық каникул – 31 желтоқсан мен 9 қаңтар, көктемгі каникул – 21 наурыздан 2 сәуір аралығында болады. Мектепке дейін оқушылар үшін қосымша қыстық каникул – 4 - 10 ақпан аралығында деп бекітілген. 25 мамыр күні әдеттегідей соңғы қоңырау соғылады.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ