Кене энцефалитіне қарсы екпе өңірдегі медициналық мекемелерге келіп түсті.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, биылғы жылы аталмыш препаратты сатып алуға республикалық бюджеттен 138 миллион теңге бөлінген екен. Аталған қаржыға 19 литр иммуноглобулин сатып алынған. Сәуір айының басында препарат Өскемен, Риддер қалалары мен Глубокое, Зырян, Зайсан, Катонқарағай, Көкпекті, Ұлан және Шемонаиха аудандарының ауруханаларына жеткізілді.
Кене шақса, үш күн ішінде дәрігерлік көмекке жүгіну қажеттігін ескертеміз. Облыс орталығында мұндай көмек ересектерге №1 қалалық ауруханада, балаларға "Ана мен бала" орталығында көрсетіледі.
Азамат ТЕМІРБЕКОВ