Диагнозы – церебралды паралич. Сәбидің анасы халықтан көмек сұрауда

512
көрілім

Өскемендік сәбиге емделу үшін қомақты қаржы қажет, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Небәрі бір жастағы Мұса Қуанышұлы церебралды паралич (ДЦП) ауруына шалдыққан. Анасының сөзінше, сәби өздігінен отыра алмайды. Еңбектеу де қиынға түседі. Десе де өмірге келгенде салмағы 1,4 келі болған. Диагноз қойылғаннан бері дәрігерлер тиісті массаж, лфк емдік дене шынықтыру жаттығуларын жасап келеді.

– Нәтижесі көрініп келеді. Тек емдік шараларды жалғастыру үшін қаржымыз жеткіліксіз. «Көп түкірсе көл» дегендей, баршаңыздан мүмкіндігінше көмек сұраймыз. Қолұшын беремін деушілер болса баламыздың тез арада аяққа тұрып кетулерін сенім мол, – дейді сәбидің анасы Назым Ажикенова.

Қолұшын созамын деушілер болса:

Каспий голд нөмірі - 87771476298. Алтынай Бақытжанқызы. 5169497172040051