Дуадақ жылы болмақ

327
көрілім

Қазақстандық биоәртүрлілікті сақтау ассоциациясы елдің Құстарды қорғау одағымен бірлесе 2019 жылдың жыл құсы етіп дуадақты таңдады.

Дуадақ жойылу қаупі бар болғандықтан, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Дуадақ – дуадақ тұқымдасына жататын ірі денелі құс.

"Жыл құсы" акциясының мақсаты – саны азайып бара жатқан құстарға назар аударту, – деп түсіндірді Қазақстандық биоәртүрлілікті сақтау ассоциациясының өкілдері, – Дуадақ далалы, шөлді аймақтарды мекендейтін құс.

Айта кету керек, Шығыс Қазақстан облысында да дуадақтар ежелден бері мекендейді.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ