Дзюдодадан ерлер ұлттық құрамасына жаңа бапкер тағайындалды

553
көрілім

Бүгін елордада өткен еліміздің дзюдо федерациясының кезектен тыс отырысында дзюдодан Қазақстан ерлер ұлттық құрамасының бас бапкері ауысты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Ұлттық федерация басшысы Қайрат Қожамжаровтың жетекшілігімен өткен жиынға Қазақстан дзюдо федерациясының вице-президені, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков, бас хатшысы Асхат Житкеев, дзюдодан Қазақстан Республикасының мемлекеттік жаттықтырушысы Жандос Қонысбаев пен атқарушы директоры Самат Жылқыбаев қатысты. Сондай-ақ, федерацияның вице-президенттері Бостан Жаңбырбаев пен Елдос Рамазанов жиынға видеоконференция режимінде қосылды.

– Жиын барысында Қазақстан ұлттық ерлер командасына жаңа бас бапкер тағайындалды. Атқарушы комитеттің бірауыздан шешімімен Қазақстан ұлттық ерлер командасының бас бапкері болып дзюдодан Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы, «Құрмет» орденінің иегері Ғалымжан Жылгелдиев сайланды. Айта кетерлігі, құраманың бұрыңғы бапкері Айдын Смағұлов денсаулығына байланысты қызметін тоқтату туралы өтініш білдірді. Ол Қазақстан ерлер ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне 2018 жылы кіріскен болатын, – делінген мәліметте.