Дзюдодан Гран-При бәсекесі кейінге шегерілді

311
көрілім
Шартты фотосурет

Бапкерлік құрам Марокко астанасы Рабадта өтетін дзюдодан Гран-При бәсекесінде ел намысын қорғайтын спортшылар тізімін жариялаған болатын. Енді халықаралық дзюдо федерациясы әлемдік аламан әзірге болмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Негізі өту мерзімі кейінге шегеріліп, болмаса мүлде өткізілмей жатқан сайыстар бұл ғана емес. Айталық, Қырғызстанның Бішкек қаласында коронавирус дертінің өршуіне байланысты күрес түрлерінен лицензиялық жарыс, хоккейден алты Әлем чемпионатының болмайтындығы ресми мәлімделген болатын. Бәлкім, жұқпалы індет саябырсығанда жарыстар өтетін уақыты мен орнын қайта бекітер. Не дегенмен спорттық ұйымдар күнтізбеге сәйкес сайыстардың өткізілмей жатқандығына қапалы. Енді міне, кезек халықаралық дзюдо федерациясына да жетті. Рабат татамиінде жерлестерімізден Ерлан Серікжанов (66 келі), Ерасыл Қажыбаев (+100 келі) және Анна Казюлина (52 келі) жарыс жолына шығуға тиіс еді.

Әділхан ЕСІМХАНОВ