Дзюдодан ұлттық құрама мүшелерін кезекті аламан күтіп тұр

369
көрілім
Фотосурет olympic.kz сайтынан

Еліміздің дзюдо федерациясының ресми парақшасында спортшылардың кезекті додада бақ сынайтындығы белгілі болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Айта кетейік, Токиода өтетін төртжылдықтың басты бәсекесі алдында татами шеберлері Гран-При, Үлкен Дулыға бәсекелеріне қатысып, рейтингілік ұпайлар жинауда. Еліміздің ұлттық құрамасы да осы бағытта әзірлікті күшейткен. Белгілі болғандай, жуық арадағы жарыс Марокко астанасы Рабат шаһарында өтпек. Парақша берген мәліметке сүйенсек, дүбірлі додаға 15 отандасымыз жол тартады.