Египетте ағаштан жасалған отыз шақты саркофаг табылды

278
көрілім
Фотосурет «Хабар 24» сайтынан.

Египеттің Луксор қаласында ағаштан жасалған отыз шақты саркофаг табылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.

Бұл – жүз жыл ішінде табылған ең ірі олжа. Саркофагтар Ніл өзенінің батыс жағалауындағы Эль-Ассасиф қорымында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде анықталыпты. Археологтардың айтуынша, оюлы әрі боялған саркофагтар осыдан шамамен 3 мың жыл бұрын жерленген. Болжам бойынша олардың ішінде абыздар мен балалардың мүрдесі жатқан болуы мүмкін. Ғалымдардың сөзінше, реставрация жұмыстарынан кейін олар Үлкен Египет музейіне қойылады.