Екі қазақстандық азамат коронавирустан жазылып шықты

41
көрілім

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев ертең, 26 наурызда, бұған дейін коронавирус диагнозы қойылған екі науқас ауруханадан шығарылатынын мәлімдеді деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі NUR.KZ ке сілтеме жасап.

-Ертең екі науқас шығарылады. Олар коронавирустан жазылып шықты. Бұл біздің дәрігерлеріміз жеткен бірінші және соңғы жеңісіміз емес. Биліктің атынан барша ақ халатты жандарға, денсаулық сақтау қызметкерлеріне ерен еңбектері үшін алғыс айтқымыз келеді. Кез келген кәсіби маман үшін өз жұмысының жемісін көру маңызды, - деді министр.