Екінші орындамыз

507
көрілім

Бір жыл ішінде елдегі тасымал көлемі 7% артып, жүк айналымы 9% өскен. Жүк тасымалының үштен бір бөлігі Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарына тиесілі, деп хабарлайды газет тілшісі Ranking.kz сайтына сілтеме жасап.

Өткен жылмен салыстырғанда Қазақстан Республикасы өңірлерінің арасында тасымал көлемі тек Павлодар облысында қысқарған. Ал Қарағанды облысы көлемі жағынан көш бастап тұр. Өңірдегі тасымал көлемі 431,8 млн тоннаны құрады. Бұл былтырғы жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 7 пайызға жоғары. Қазақстан бойынша үлесі сол қалпы, өзгеріссіз - 19,5 пайыз.

Келесі кезекте Шығыс Қазақстан облысы тұр. Бір жыл ішінде тасымал көлемі 9,4 пайызға өсіп, 324,5 млн тоннаны құраған. Қазақстан бойынша үлесі 14,3 пайыздан 14,7 пайызға көтерілген.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ