Әлем чемпионатына 100-ден астам мемлекеттен палуандар келеді

47
көрілім
Фото Qsport.kz сайтынан

Үш күннен кейін елордада күрес түрлерінен Әлем чемпионаты басталады. Барлық мемлекет құрама тізімін нақтылап, дүбірлі доданың ашылуын тағатсыздана күтуде, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, ресми спорт сайттары әр салмаққа болжам жасап, жүлде алып қалуы мүмкін деген палуандар тізімін шығарған болатын. Бұл тізімнен үш бірдей отандасымыз орын алып, көшбасшылар қатарына енген. Атап айтсақ, 57 келі салмақта Нұрислам Санаев, 65 келіде Саятбек Оқасов және 70 келіде Нұрғожа Қайпанов. Шығысқазақстандық спортшылар неліктен бұл тізімде жоқ десеңіздер, мамандар рейтингілік ұпайларын ескере келе осындай шешімге келген. Әрине, көш басына шығып үлгермесе де әзірге үздіктерді өкшелеудің қамымен жүр.

Мәлім болғандай, елордада жалауын көтеретін жарысқа әлемнің 100-ден астам елінен 900-ге жуық боз кілем шебері жиналады. Сондай-ақ «Барыс Арена» спорт кешеніне 10 мыңға жуық жанкүйер мен спортсүйер қауым келіп, айтулы аламанды тамашалайды деген болжам жасалды.

Әділхан ЕСІМХАНОВ