Әлем чемпионатында Олег Болтинге кімдер қарсылас атанбақ?

567
көрілім
Фотосурет olympic.kz сайтынан

Норвегиядағы аламанның алауы ертең жағылады. Ресми күрес парақшалары 125 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін спортшылар есімін ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Алдымен тұрақты фавориттер үштігін ұсынайық. Таха Акгюль (Түркия), Гено Петриашвили (Грузия) және Зелимхан Хизриев (Ресей). Әрі қарай жүлде алуға ұдайы жақын жүретін Ник Гваздовский (АҚШ), Амир Хоссейн Заре (Иран), Роберт Баран (Польша) сынды палуандар бар. Риддерлік Болтин дене дайындығы (бұл жерде физикалық тұрғыда) бойынша ешбірінен кем емес. Тек әлемдік аламандарда жүлде алу бақыты бұйырмай келеді. Не дегенмен Азия чемпионы, бәлкім биыл бабы мен бағы шабатын шығар.
Ресми мәліметтерге сүйенсек, Ослодағы додада аса ауыр салмақта 15 алып шеберлік байқаспақ. Кейбірі биыл Токиода топ жарған Гейбл Стивенсонның (бұл да АҚШ) келмегеніне сан соқты. Жиырманың ары жақ, бері жағындағы палуан шешуші сында атағы алысқа кеткен Петриошвилиден жеңісті жұлып кеткен-тұғын.
Иә, бұл жағы аса маңызды емес болар. Себебі қалың жанкүйер Болтинге тілекші.