Әлем чемпионатының жүлдегері жерлестерін ауызбіршілікке шақырды

57
көрілім
Фотосурет спортшының жеке парақшасынан

Грек-рим күресінен 4 дүркін Әлем чемпионатының жүлдегері, екі дүркін Азия чемпионы Алмат Кебіспаев шығысқазақстандықтарды жер-жерге жайылып бара жатқан коронавирустен қаймықпай, сабырлы болуға шақырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жұқпалы дерт туралы жағымсыз ақпараттар республика көлемінде желдей есіп, коронавируске шалдыққандар санының көбейіп келе жатқаны расымен де әр отандасымызды қобалжытпай қоймауда. Осы ретте Үржар ауданының тумасы, Олимпиада ойындарына қатысушы Алмат Кебіспаев Шығыс жұртын ауызбіршілік танытып, қандай жағдай болсын тілеулес екендігін білдірді.

– Құрметті Шығыс Қазақстан азаматтары, жерлестерім! Соңғы жаңалықтар барлығымыз үшін қиындық тудыруда. Еңсемізді тік ұстап, еш мойымай алдыға қадам басайық. Індеттің алдын алу шараларын нығайтып, денсаулықтарыңызды күтіңіздер! Біз әрдайым біргеміз! – дейді Алмат Қабдрашұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.