Әлем чемпионы Дарын Әскербекті Өскемен әуежайында қарсы алды

913
көрілім

Италия жерінде өткен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы жаһандық жарыста топ жарған палуанды күтіп алуға келгендер қарасы көп болды, деп хабардайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Естеріңізде болса, Тарбағатай ауданы, Ақжар ауылының тумасы 55 келіге дейінгі салмақта үздік шықты. Финалда АҚШ палуанымен күш сынасты.

– Ең алдымен қолдау білдіріп, құттықтап жатқан ата-анама, достарыма, туыс-туған, жақындарыма алғыс білдіргім келеді. Мұны үлкен жеңістерімнің бастамасы деп білемін. Алда әлі халықаралық ареналарда көк байрағымызды желбіретіп, Әнұранымызды шырқатуымыз керек. Белдесуге келсем, АҚШ спортшысынан ұтылып жатқанда еш тоқтамау керектігін жіті ұғындым. Жалпы, мұндай жағдай алғаш рет болып тұрған жоқ. Осыған дейінгі көптеген жарыстарда жеңісті соңғы сәттерде жұлып кеткен кездер болды, – деді Дарын.

Әлбетте, жарыстар мұнымен шектеліп қалмайды. Алда әлі жастар арасында ел біріншілігін ұтып, әрі қарай құрлықтық жарыстарға қатысу жоспарда бар.

Әділхан ЕСІМХАНОВ