Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ШҚО филиалына жаңа басшы тағайындалды

399
көрілім

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының басшысы болып Нұрлан Кідірбаев тағайындалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

 

Нұрлан Икрамұлы 1975 жылы туған. 1998 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын бітірді. 2007 жылы «Болашақ» халықаралық степендиясы бойынша Мәскеудегі «Жүрек-қан тамырлары хирургиясы» ғылыми орталығының аспирантурасын бітірді. 2012 жыды Қарағанды экономикалық университетін «Менеджмент» мамандығы бойынша тәмәмдаған. Медицина ғылымдарының докторы.

Еңбек жолын 1998 жылы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының дәрігері болып бастады. 2000-2007 жылдары аралығында Оңтүстік Қазақстан облыстық ауруханасында ангиохирург болып жұмыс істеді.

2012-2017 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінде сарапшы, бас сарапшы, стационарлық медициналық көмек бөлімінің басшысы болған.

2018-2019 жылдары «Сенім» денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

2020 жылдан осы уақытқа дейін «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары болып еңбек етті.