Әлеуметтік саланы қамтымақ

289
көрілім

Облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында 2019-2021 жылдарға арналған бюджет бекітілді, деп хабарлайды газет тілшісі YK-News.kz сайтына сілтеме жасап.

Биылғы жылы оның жалпы көлемі 355,6 миллиард теңгені құрамақ. Жоспарланған шығыстар көлемі 293,2 миллиардты құраса, оның 89,6 миллиарды әлеуметтік салаға арналған.

- 2019 жылдың бюджетінде медицина қызметкерлерін қайта даярлау және біліктіліктерін жоғарылату, вакциналар сатып алу, жоғары білімді мамандар дайындау үшін мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру, білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй нысандарын салу үшін қаржы қарастырылған, - дейді ШҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сәуле Ұлақова.

Ерлен ОСМАНОВ