Елге еге болар азамат

4865
көрілім

Қымбатты қазақ елі, қымбатты жерлестер! Семей өңірінде ақ түйенің қарны жарылған қуанышты күн туды. Себебі Президентіміз Қасым Жомарт Тоқаевтың үндеуімен Семейіміз Абай облысы боп қайта жанданды.

Енді сол қасиетті Абай атамыздың есімін алған облыс басшылығына өз қалтасын ойламайтын қарапайым халықтын қамын ойлайтын Бәделхан Камалханұлы сынды азамат келсе екен деп тілеймін! Бәделхан аға өзіміздің қамқоршы ағамыз ғой. Беделді азаматтың бірі. Елін, жерін ойлап жүреді. Сол кісінің тікелей қолдауының арқасында ел чемпионы, әлем чемпионы болдым. Бәделхан аға бізге спорт саласы бойынша ақыл-кеңесін айтып, бағыт-бағдар көрсетіп, жарыстарға қатыстырып, тіпті, қаржылық тұрғыдан да көмек көрсетті. Маған ғана емес, спортқа әуес жігіттердің көбіне көмегі тиді. Алға қойған мақсатым үлкен, ағаның сенімін ақтап, бірнеше дүркін әлем чемпионы болсам ба деген арманым бар. Ел білетін Бәделхан Камалханұлы небір қиын да ауыр жұмыстарды атқара алатын, қазіргі қиын заманда өмірдің түйіндерін шешуге шамасы жететін тұлғалы азамат.

Елдің ауыр жүгін көтеріп кете алатын, жұрттың қара нары болуға лайық жан. Біздің ел мүддесін қорғайды деген жоғарыда отырғандарда жетпейтін бір қасиет бар. Ол – ұлтшылдық мінез. Көбісі жалтақ. Өзінің жеке басының қамын ойлайды. Елдік мәселелерге келгенде суырылып шығып, батылдық танытпайды. Ал Бәделхан Камалханұлында осы қасиет бар. Қай істі қолға алса да, «басқалар бұған қалай қарайды екен?» деп екіұшты ойламай, елдің, жердің намысы үшін діттеген ойын жүзеге асырады. Басқа да ана мен балаға, қарт пен қарияға, білім ұяларына, құқығы тапталғандар мен жазықсыз жазаға ұшырағандарға берген көмегі, жылағанға жұбаныш болған азаматтық істерін барша алаш жұрты біледі

Архат ҚАЙЫРБЕКОВ,

Қазақ күресінен әлем чемпионы.