«Әлихан әлемі» атты әдеби конференция өтті

6677
көрілім

10 қараша Қазақстан Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалында қазақтың мемлекет, саяси және қоғам қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш партиясының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханға арналған «Әлихан әлемі» атты әдеби конференция өтті.

Іс-шараға алаштанушы ғалым Сұлтанхан Аққұлы, жазушы, Мәдениет саласының үздігі Өтен Ахмет, жазушы, публицист Қайырбек Сәдуақасов, жазушы Берік Садыр, Жанат Елшібеков, дәстүрлі әнші Сырым Мұхамеджанов, айтыскер ақын Еркебұлан Қайназар, ақын, республикалық «Egemen Qazaqstan» газетінің мәдениет және руханият бөлімінің меңгерушісі Мирас Асан, ақын Ерлан Жүніс, ақын, республикалық «Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі Рауан Қабидолдин ҚР Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалы директорының орынбасары Олжас Қасым, алаштанушы ғалым Заңғар Кәрімхан, ақын, «Әдебиет» порталының тілшісі Арман Шеризат, жазушы, «Түркістан» газетінің тілшісі Бақытбек Қадыр қатысты.
Конференция барысында алаштанушы ғалым Сұлтанхан Аққұлы Жазушылар үйіне Әлихан Бөкейханның 15 томдығын сыйға тартты.
Іс-шараның модераторы - ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар Одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы.