Елімізде коронавируспен қайтадан ауырғандар тіркелген жоқ

469
көрілім

Қазақстанда коронавируспен қайтадан ауырғандар тіркелмеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

– Қазақстанда коронавирус инфекциясына қайтадан шалдығу оқиғалары тіркелмеді. Әлемнің бірнеше елінде осындай жағдай анықталған еді. Бізде мұндай жағдай тіркелмеді және алдағы уақытта болмайды деп үміттенеміз. Дегемен вирус өте жұқпалы, - деді вице- министр онлайн баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, індеттен емделіп шыққандарда тұрақты иммунитет түзілетіні туралы нақты зерттелген мәліметтер жоқ. Осы орайда ол адам инфекцияны қайтадан жұқтырса, онда науқас емделуге жатқызылатынын атап өтті.