Елімізде коронавирустан емделіп шыққан адамдардың саны 150-ге жетті

67
көрілім
Шартты фотосурет

Алматы қаласында 8 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Осылайша Қазақстан бойынша індеттен жазылғандар саны 150-ге жетті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін сағат 16:00-ге дейін елімізде жалпы 150 адам үйлеріне жіберілді, оның ішінде:

Нұр-Сұлтанда – 64, Алматы қаласында – 58, СҚО – 1, Ақтөбе облысы – 2, Жамбыл облысында – 3, Павлодар облысында – 1, Алматы облысында - 5, Қарағанды облысында - 1, Шымкент қаласында – 2, Атырау облысында – 5, Батыс Қазақстан облысында – 1, Маңғыстау облысында – 1, Қызылорда облысында – 2, Ақмола облысында – 4 адам дерттен айыққан.