Еліміздегі ең қарт және ең жас әкім кім?

344
көрілім
Шартты сурет

Сарапшылар еліміздегі әкімдердің жасы мен қызметте болған мерзіміне зерттеу жүргізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі Ranking.kz мәліметіне сілтеме жасап.

Соған сәйкес облыс әкімдерінің орташа жасы 52 жасты құрады. Ең қарт әкім Шығыс Қазақстан облысында. Бұл алпыстың сегізін толтырған Даниал Ахметов. Сарапшылар Ахметовтың осы қызметте жүргеніне жеті жылдан астам уақыт болғанын айтады. Облыс әкімі лауазымына 60 жасында отырған екен.

Келесі тізімге кіретіндер:

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев (59 жаста);

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин (58 жаста).

Ал ең жас әкім – қырықты толтырған Шымкент қаласының басшысы Мұрат Әйтенов. Бұл қызметке 38 жасында кіріскен, қала басқарғанына екі жылдан асты.

Сондай-ақ жастар арасында:

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов (43 жаста);

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов (44 жаста) те бар.

Бұдан бөлек, зерттеушілер Берік Әбдіғалиевтің жұмыс мерзімі ең қысқа екенін нақтылады. 11 шілдеден бастасақ, Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалғанына 20 күн болған екен.